Бірінші орта салмақтағы WBC жастар чемпионы атанған 21 жастағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов профиде кезекті жеңісіне жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Ол канадалық Монреалдағы бокс кешіне қатысты, ал қарсыласы 25 жастағы аргентиналық Хосе Антонио Вильялобос болды.
Жекпе-жек он раундқа жоспарланса да, Ахмедов бірінші кезеңнен бастап басымдық танытып, жетінші раундта қарсыласын нокаутқа түсірді.
Бұл әлі жеңіліп көрмеген қазақстандықтың кәсіпқой бокстағы 11-ші жеңісі, оның 10 жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған.
Айта кетейік, Ахмедов 25 қазанда мексикалық Джонни Наварретені (33-15-2, 15 KO) мерзімінен бұрын жеңген еді. 21 жастағы боксшы үшін бұл 2019 жылы өткізетін бесінші кездесуі. Ол 2018 жылдың сәуірінен бастап кәсіпқой шаршы алаңда жұдырықтасып келеді.