Роналду мен Месси емес. Бір жылда ең көп табыс тапқан спортшы белгілі болды

©Reuters

"Лос-Анджелес Лейкерс" клубының көшбасшысы Леброн Джеймс әлемдегі ең көп табыс табатын спортшы атанды, деп жазады Sportico.
Соңғы бір жылда баскетболшы 126,9 миллион АҚШ доллар тапқан. Осылайша, ол өзінің спорттық карьреасында бір жылдың ішінде ең көп табысқа кенеліп отыр.
Алайда командасымен жасалған келісімшарт бойынша ол бір жылда небәрі 36,9 миллион доллар алған. Қалған табысы жарнама арқылы түскенін айта кеткен жөн.  

Леброннан бөлек ҰБҚ (NBA) ойнайтын тағы алты спортшы үздік ондыққа енді. Олар Стефен Карри ("Голден Стэйт Уорриорз"), Кевин Дюрант ("Бруклин Нетс"), Джеймс Харден ("Филадельфия Сиксерс"), Яннис Адетокунбо ("Милуоки Бакс"), Рассел Уэстбрук ("Голдэн Стэйт") және Клэй Томпсон ("Голдэн Стэйт").

Көп табыс тапқан ойыншылар арасында Лионель Месси (122 миллион), Криштиану Роналду (115 миллион) және Неймар (103 миллион) бар. 

Боксшылар арасында Сауль "Канело" Альварес те бір жылда ең үлкен табыс тапқан он спортшының қатарына енді. Жуырда ресейлік Дмитрий Биволға ұпай санымен жеңілген "Канело" бір жылда 89 миллион АҚШ доллар табыс көрді. 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды