Қазақша жаңалықтар
22 қыркүйек 2022 16:07

Ресейлік екі спортшыға азаматтық ауыстыруға рұқсат берілмеді

©admnvrsk.ru

Халықаралық шаңғы федерациясы (FIS) ресейлік екі спортшыға Ирзариль елінің азаматтығын алуға рұқсат бермей қойды, деп жазады "Спорт-Экспресс" порталы. 

Азаматтығын ауыстырғысы келген спортшылардың кім екені нақты белгілі емес. Бірақ екі спортшы да Әлем кубогіне қатысу үшін азаматтығын ауыстыруға ниетті болған. 

Осыған дейін FIS бас хатшысы Мишель Вион желтоқсан айынан бастап ресейлік спортшыларды жарысқа қатысуға рұқсат етілуі мүмкін екенін айтты. 

Еске салайық, наурыз айының соңында FIS Ресей және Беларусь елінің спортшыларын 2021/22 маусымның соңына дейін шеттеткен болатын. Кейін жаза мерзімі жазғы маусымға созылды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport