Ресейлік астролог Денис Теннің өлімін алдын ала болжаған - БАҚ
Ресейлік "Давай поженимся" бағдарламасының астрологы Василиса Володина Денис Теннің өлімін алдын ала болжаған, деп хабарлады Life.ru.
Ресейлік "Давай поженимся" бағдарламасының астрологы Василиса Володина Денис Теннің өлімін алдын ала болжаған, деп хабарлады Life.ru.
Порталдың мәліметінше, тележүргізуші өз болжамын әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған.
"Тележүргізуші әрі астролог Василиса Володина қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге қауіптің төніп тұрғанын болжаған. Ол өз болжамын қайғылы оқиғаға дейін Instagram желісіндегі парақшасына жариялаған", - делінген порталдың жарияланымында.
Астролог өміріне қауіп төніп тұрғандардың тізімін салған көрінеді.
"Жеке адамдар ғана емес, топтар бар, әулет бар, оларға бұл тұтылу айтарлықтай әсер етеді. Олар төмендегі тізімде", - деп жазған ол.
Володина өз жарияланымында ескерту жасап, тізімде бар адамдарды сақ болуға, денсаулығы мен жеке басының қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырған. Айта кетейік, тізімде нақты аты-жөндер болмаған, тек туған күндерімен белгіленген және сол тізімде Денис Теннің туған күні болыпты.
Денис Тен. © РИА Новости/Алексей Филиппов
Еске сала кетейік, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.
Жарнама