Ресейдегі хоккей турнирінде Қазақстан мен Чехия әнұраны алмасып кеткен

Сурет: Eurosport.ru

Ресейдегі хоккей турнирін ұйымдастырушылар Бірінші арна Кубогында қателесіп, Чехия әнұранының орнына Қазақстандікін қойған, - деп хабарлайды Lenta.ru.


Оқиға 15 желтоқсанда Чехия мен Швеция ойыны алдында болған. Ұйымдастырушылар қажетті жазбаны бірнеше минут іздеп қалған, осылайша жанкүйерлер мен хоккейшілер әнұранды акапелла орындаған. Сол үшін трибунадағылар ұйымдастырушыларды сөкті.  


Ресей хоккей федерациясы ресми сайтында болған оқыс оқиға үшін кешірім сұрады.


Осы матчта Чехия құрамасы 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Шведтер алты ұпаймен турнирде жеңіске жетті. Ресей құрамасы бес ұпаймен екінші орынды иеленді. 

Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды