Каратэден Қазақстан командасының үздігі Дархан Асәділов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесудің маңызына тоқталып өтті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
"Жақында мемлекет басшысының қабылдауында болдық. Президентіміз Токио Олимпиадасында ел намысын қорғайтын спортшыларға сәттілік тіледі. Бұл үлкен жауапкершілік. Өйткені, төрткүл дүние бақ сынайтын бәсекеде ел намысын қорғау әрбір спортшы үшін үлкен абырой. Каратэ алғаш рет Олимпиада бағдарламасына енді. Бізді жанкүйерлер мен президентіміз ақ батасын беріп, шығарып салуда. Енді күншығыс елінде біз аянып қалмауымыз керек. Жанкүйерлерден қолдау күтеміз. Біз үшін қолдау өте маңызды", - дейді Асәділов.