Президент туризм және спорт министріне бірқатар міндет жүктеді

©akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады,  деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндалды. Мемлекет басшысына Қытайда өткен Азия және Паразия ойындарының қорытындысы бойынша жүргізілген сараптама нәтижелері жөнінде есеп берілді.

Президент саланы дамытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу үшін сапалы әрі кезең-кезеңімен жұмыс жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысына министрлікке қарасты салалардағы заңнамалық базаны жетілдіру, еліміздің туристік әлеуетін одан әрі дамыту жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке бұл бағыттар бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды