Олимпиадаға келген ауыр атлет із-түссіз жоғалып кетті
Токио ойындарына арман қуып келген угандалық ауыратлет Юлиус Ссекитолеко із-түссіз жоғалып кетті. Олимпиада астанасынан 500 шақырым жердегі Идзумисано қаласында өз командасымен бірге қосалқы құрамда жаттығып жүрген Юлиус 67 келіде сынға түсуі тиіс еді.

20 жастағы спортшы COVID-19 тестін тапсыруы тиіс болған. Алайда тестке жауапты адам Юлиусты бөлмесінен таппаған.
Inside The Games басылымының мәліметінше, спортшының жоғалғанын командаластары да растап отыр. Қазіргі таңда полиция африкалықты іздеу жұмыстарына көшті.
Жарнама