Ол 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының әкімі болып жұмыс істеген.
Асхат Берлешевич Шахаров - 1978 жылы 3 қазанда дүниеге келген. Еңбек жолын 2000 жылы Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің спорт пәндері кафедрасының оқытушысы болып бастаған.
2004-2013 жылдар аралығында Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы, Ақтөбе облысының олимпиадалық резерв дайындау орталығының директоры болып жұмыс істеген.
2013 жылдың маусым айынан БҚО Қаратөбе ауданының әкімі қызметін атқарған.
Ол дзюдо және самбодан еңбек сіңірген спорт шебері, дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдегері, самбодан үш дүркін әлем чемпионы, әлем кубогының екі дүркін иегері, жастар арасындағы екі дүркін әлем чемпионы, Азияның үш дүркін чемпионы, Владимир Путиннің гран-при иегері, Сиднейде өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы.