Олимпиада жүлдегері Ислам Байрамуков министрдің кеңесшісі болды

©Facebook / Islam Bairamukov

Министрдің бұйрығымен Ислам Байрамуков мәдениет және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ислам Ілиясұлы Байрамуков 1971 жылы 12 маусымда Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданы, Каменка ауылында дүниеге келген. Грек-рим күресінен Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері. Екі дүркін Азия кубогының иегері.

2000 жылы Азия чемпионы, екі мәрте Шығыс Азия ойындарының чемпионы, бірнеше дүркін ел чемпионы атанған.

1989-1993 жылдары Қазақ мемлекеттік денешынықтыру институтында, 2001-2003 жылдары Қазақ ұлттық университетінде, 2003-2005 жылдары Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік-гуманитарлық университетінде оқыған. 2004 жылы спорттан кетіп, педагогикалық салаға ауысады.

Жұмыс тәжірибесі:

1986 жылдан 1989 жылға дейін Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы Алматы олимпиадалық резерв училищесінде спорт жаттықтырушысы;

1989 жылдан 1993 жылға дейін Қазақ мемлекеттік денешынықтыру институты. Спорт жаттықтырушысы-оқытушы;

1993 жылдан 2004 жылғы дейін еркін күрестен Қазақстан Республикасының штаттық құрама спортшысы; 2007 жылдан 2009 жылға дейін еркін күрестен Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы;

Қоғамдық қызметі:

2000 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамында. Қазақстанның қарашай және балқар қауымдастығы төрағасының орынбасары. Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Жастар қанатының төрағасы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2000 жылы "Парасат" орденімен марапатталған, "ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл" медалінің иегері.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды