Олимпиада чемпионы досын өлтіргені үшін 16 жылға бас бостандығынан айырылды
Ұлтан-Батордың соты Моңғолиялық бұрынғы Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы, осы елден шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Найдангийн Тувшинбаярды жас кезінен бірге өскен досын өлтіргені үшін 16 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Insidethegames порталы Sonin басылымына сілтеме жасап.

2021 жылдың сәуір айында Тувшинбаяр мас күйінде жас кезінен бірге өскен досы, дзюдошы Эрдэнэбилэг Энхбатқа шабуыл жасаған. Зардап шеккен спортшы басынан ауыр жарақат алып, емханаға жеткізілген. Сол жерде ол қайтыс болды.
Ал Тувшинбаяр 20 күндік қамаудан кейін Моңғолияның ҰОК басшысы қызметінен кеткен.
38 жастағы Тувшинбаяр 2008 жылғы Пекиндегі Олимпиадада 100 келі салмақта алтын жүлде жеңген болатын. Ал 2012 жылы Лондонда ол дзюдодан күміс жүлде жеңді. Ол сонымен қатар 2014 жылы Инчхондағы Азия ойындарында топ жарған. 2017 жылы Будапешттегі әлем біріншілігінде қола жүлде еншілеген.
Жарнама