Қазақша жаңалықтар
18 қараша 2018 14:05
 

Нурмагомедов МакГрегормен бокс ережесі бойынша жұдырықтасуға келісті

  Пікірлер

blog.share

Нурмагомедов МакГрегормен бокс ережесі бойынша жұдырықтасуға келісті Хабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрегор. © The Independent

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов ирландиялық Конор МакГрегормен бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізуге келісті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов ирландиялық Конор МакГрегормен бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізуге келісті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл мәліметті "Известия" басылымына Хабибтің әкесі әрі бапкері Абдулманап Нурмагомедов хабарлаған.

"Конормен бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізуге қатысты айтатын болсақ, ондай жекпе-жек біз үшін қызық. Хабиб аралас жекпе-жектегі ең үздіктерді жеңе алатынын көрсетті. Ол бұл жөнінде бұған дейін де айтқан, бірақ көп ешкім сенген жоқ. Алайда Майкл Джонсонды, Эдсон Барбозаны, Конорды жеңгеннен кейін сене бастады", - деді ол.

Еске сала кетейік, 6 қазанда Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте Хабиб Нурмагомедов чемпиондық атағын қорғап қалды. Ол МакГрегорды тұншықтыру әдісімен төртінші раундта жеңді.

Бұл жеңісінен кейін ол кіші-Флойд Мейвезерді жекпе-жекке шақырды. Америкалық спортшы ұсынысты қабылдап, өз талаптарын қойды.

Алайда МакГрегор 2017 жылы Мейвезермен бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізген. Ол кезде ирландиялық спортшы техникалық нокаутпен оныншы раундта жеңілді.

Жарнама

Живи спортом!