auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Наразылығын білдірген ирандық бұрымды батыл қадамға барды. Енді ол қудалауға ұшырайды

Наразылығын білдірген ирандық бұрымды батыл қадамға барды. Енді ол қудалауға ұшырайды
©

Ирандық альпинист Эльназ Рекаби Сеулде өтіп жатқан Азия чемпионатында хиджабсыз өнер көрсетті. Бұл оның әлемдік наразылыққа қолдау білдіргенін көрсетті. Енді ол өз елінде қылмыстық қудалауға ұшырамақ, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Hindustan Times басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, бұл ирандық спортшының басы жабылмаған күйінде 43 жылдағы алғашқы өнер көрсетуі. 1983 жылы қабылданған Иран заңына сәйкес, қоғамдық орындарға хиджабсыз шығу үшін бас бостандығынан айыру жазасы және айыппұл салу көзделген.

Рекаби бұл қадамға 22 жастағы Махса Аминидің өлімінен кейін басталған жаппай наразылықтарға қолдау көрсету белгісі ретінде барған. Махса хиджабты дұрыс кимегені үшін ирандық "ар-ұят" полициясы тарапынан соққыға жығылған еді.

2022 жылғы Азия чемпионатында Рекаби төртінші орын алды.

Еске салайық, Аминидің өліміне қатысты наразылықтар қыз жерленген күні 16 қыркүйекте басталып, бірнеше қалаларды, соның ішінде ел астанасы Тегеранды да қамтыды.

Иран полициясы Аминидің өліміне қатысы бар екенін жоққа шығарып, қыздың полиция бөлімшесінде есінен танып қалғанын және физикалық зорлық-зомбылық көрмеген деген желеумен бейнебақылау камераларынан түсірілген бейнелерді жариялады.

Алайда Аминидің ата-анасы қызының денсаулығында ешқандай кінәрат болмағанын айтқан. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
©kff.kz Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
©Instagram/usopen, djokernole, simonebiles Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды
13 қараша, 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Коллаж "Чемпионат" Тарихтағы ең мықты спортшы анықталды
9 қазан 2023, 13:08
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шықты

Жарнама

Жарнама