Милад Карими гимнастикалық кермедегі жаттығу бойынша күміс жүлде жеңіп алды

Неаполь қаласында өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында спорттық гимнастикадан жекелеген жаттығулар бойынша финалдық бәсеке аяқталды. Қазақстандық Милад Карими гимнастикалық кермедегі жаттығу бойынша күміс жүлде жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz.

Карими кермедегі жаттығуда 14.675 ұпай жинап, екінші орын иеленді. Бірінші орында тайпейлік Чиа Хунг Танг, үшінші орында ресейлік Иван Стретович.

Еске сала кетейік, Карими қоссырықтағы жаттығуды төртінші, еркін жаттығуды жетінші, көпсайысты бесінші орынмен аяқтады.

Бұл Қазақстан қоржынына түскен төртінші медаль. Бұған дейін дзюдошы Ғалымжан Қырықбай алтын, гимнаст Нариман Курбанов күміс, стенд атушы Сәрсенкүл Рысбекова қола жүлдегер атанған.

Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды