Мексикада белгісіз біреулер УЕФА Кубогін ұрлап кеткен
Мексикада көрсетілім үшін әкелінген УЕФА Кубогін белгісіз біреулер ұрлап кетті, деп хабарлайды lenta.ru. Кубок кейін Гуанахуато қаласынан табылды.
Мексикада көрсетілім үшін әкелінген УЕФА Кубогін белгісіз біреулер ұрлап кетті, деп хабарлайды lenta.ru. Кубок кейін Гуанахуато қаласынан табылды.
The Guardian басылымының мәліметінше, Еуропа Лигасының Кубогі Леон қаласында өткен шарадан кейін оны алып кеткен көліктен ұрланған. Гуанахуато қаласының қылмыстық тергеу агенттігінің қызметкерлері оны тауып, қайтарып берді. Оқиғаның мән-жайы жарияланбай отыр.
"УЕФА Кубогін Мексикаға логистикалық FedEx компаниясы жеткізді. Ол 2015 жылдан бері Еуропа Лигасының басты демеушісі болып келеді", - делінген жарияланымда.
1966 жылы Әлем кубогі Англияда ұрланған. Кейін ұйымдастырушылар хат алып, онда құнын төлеп алу талаптары жазылған - 15 мың фунт стерлинг. Почта қызметкері күдікті ретінде ұсталды, алайда ол Кубоктің қайда екенін білмейтінін айтты. Олжаны Пикклз есімді ит тапты. Ол иесімен саябақта жүріп, Кубокті тауып алған, сол үшін оған Әлем Кубогінің матчтарында қонақ болуға рұқсат берілген.
Жарнама