Марк Цукерберг ММА жекпе-жегіне дайындық кезінде жарақат алды
Танымал миллиардер Марк Цукерберг ММА жекпе-жегіне дайындық кезінде жарақат алды. Ол келер жылы Илон Маскпен жекпе-жек өткізбек болған.
Танымал миллиардер Марк Цукерберг ММА жекпе-жегіне дайындық кезінде жарақат алды. Ол келер жылы Илон Маскпен жекпе-жек өткізбек болған.
Әлемге танымал екі алпауыт миллиардерлер арасындағы шайқас 2024 жылы болатын UFC 300 турнирінде өтеді деп күтілген. Алайда Марктың жарақатынан кейін турнир немесе жекпе-жек уақыты кейінге шегерілуі мүмкін.
"Мен тіземді жарақаттап алдым, жаңа ғана отадан шықтым. Маған қарайласып жатқан командадағы дәрігерлерге алғысымды білдіремін. Келер жылдың басында өтетін жекпе-жегіме дайындалып жатқанмын, енді сәл кейінге қалдыруға тура келіп тұр. Айыққаннан кейін жекпе-жекке шығуды асыға күтетін боламын. Қолдау көрсеткендеріңіз үшін барлықтарыңызға рақмет!", - деп жазды Цукерберг instagram парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жарнама