Марадона, Брайант, Үшкемпіров және Хабибтің әкесі ... 2020 жылы өмірден озған оғландар

Диего Марадона. Сурет: Sky Sports©️

Кеше 61 жасқа ауған тұсында өмірден даңқты футболшы Диего Марадона өмірден өтті. Осы орайда Vesti.kz тілшісі 2020 жылы өмірден озған спорт саңлақтарын тізіп көрді. 

Диего Марадона (1960-2020)



Әлем және Аргентина елінің аңызы. Миллиондардың үлгі тұтқан футболшысы. Марадона 25-қараша күні Буэнос-Айрес маңында жүрегі тоқтап, өмірден өтті. Негізі өмірінің соңында Диегоның денсаулығы нашарлаған еді. Сондықтан да ол "Химнастия" командасында дұрыс жұмыс істей алмады. Ол қазан айында ота жасатып, денсаулығын дұрыстаған еді. Бірақ қараша айында қайта нашарлап, кеше өмірден өтті. 

Коби Брайант (1978-2020)



Брайант та Марадона секілді көпшіліктің кумирі болды. Ол баскетболдан NBA ұйымында талай рекордтың мұртын бұзды. 26-қаңтарда АҚШ құрамасымен бірге Олимпиада ойындарын екі рет жеңген баскетболшы Калифорния штатында тік ұшағы құлап, қайтыс болды. Брайантпен бірге тікұшақтың ішінде оның 13 жастағы қызы да болған еді. 

Абдулманап Нурмагомедов (1962-2020)



Еркін күрес пен әскери самбодан 18 әлем чемпионын дайындап шығарған даңқты ресейлік бапкер. UFC ұйымында Ресей атынан шығып, бірінші чемпион атанған Хабиб Нурмагомедовтің әкесі. Абдулманап 3-шілде күні коронавирус дертімен емханаға түсті. Содан оның денсаулығы нашарлап, қайтыс болды. 

Жақсылық Үшкемпіров (1951-2020)



Грек-рим күресінен Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы. Қазақтың тұңғыш Олимпиада чемпионы. КСРО-ның еңбегі сіңген спорт шебері. Үшкемпіров 70 жасында Нұр-Сұлтан қаласында бақилық болды. Атақты балуанымыз өкпе қабынуынан қайтыс болды. 

Навид Афкари (1993-2020)



Грек-рим күресінен Иранның чемпионы қыркүйек айында өлім жазасына кесілді. Ол бірнеше жыл бұрын адам өліміне қатысы бар деп айыпталып, дарға асылды. Бірақ Иран елінде де, басқа елдерде де Афкаридің бұл іске қатысы бар екеніне ешкім сенген жоқ. Сондықтан да бұл жаза көпшіліктің дауын туғызған болатын. Көпшілік оны Иран билігін қолдамай, керісінше қарсы шыққаны үшін өлітірілді деп есептейді. Шешім іске асарға дейін балуанды АҚШ президенті Дональд Трамптың өзі қолдап, бостандығын талап етіп еді. Алайда бұл талап орындалмады. 

Роджер Мейвезер (1961-2020)



Роджер 80-жылдары кәсіпқой бокста екінші жеңіл салмақта WBA және жартылай жеңіл салмақта (WBC) белбеуінің иегері болған. Жалпы карьерасында 72 кездесу өткізіп, 59 айқаста жеңіске жеткен. Жалпы оның өмірдегі ең бір биік белесі - немересі Флойд Мейвейзердің жаттықтырушысы болғанын айтуға болады. Роджер 2020 жылдың наурыз айында қайтыс болды. 

Бахтай Сапеев (1953-2020)



Олимпиада ойындарының чемпионы Серік Сәпиевтің ағасы. 2020 жылы ақпан айында өмірден өтті. Карьерасында ол 227 кездесу өткізіп, 211 кездесуде жеңіске жеткен. 


Питер Бонетти (1941-2020)



Лондондық "Челси" командасының танымал футболшыларының бірі. Англия құрамасымен бірге 1966 жылы әлем чемпионы атанған. Ағылшындық қақпашы әлі күнге дейін "Челси" сапында ең көп ойын өткізген ойыншы. Ол 729 матч өткізген. Питер 2020 жылдың сәуір айында мерт болды. 

Пьерино Прати (1946-2020)



"Милан" тарихындағы ең үздік сұрмергендердің бірі. Еуропа чемпионы. Италия құрамасында әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңген. 1969 жылы "Милан" сапында "Аякс" командасына қарсы (4:1) өткен ойында үш гол соғып, Еуропа чемпиондарының кубогін жеңіп алған. Жалпы ол "Милан" сапында 102 гол соққан. Шабуылшы 2020 жылдың маусым айында көз жұмды. 

Дэйл Хаверчук (1963-2020)



Украинадан шыққан канадалық хоккейші. НХЛ тарихында үздік 20 нәтижелі ойыншылардың қатарына кіретін ойыншы. Үш рет әлем чемпионатының жүлдегері (күміс және екі қола жүлде) болған. Бес рет НХЛ-дың "жұлдыздар матчына" қатысқан. 31 жасқа дейін 1000 кездесу өткізіп үлгерген бірінші хоккейші. 2001 жылы Хаверчуктің есімі хоккейдің "Құрмет залына" енгізілді. 

 

Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды