Қытайдағы XIX жазғы Азия ойындары биыл өтпейтін болды

©turkmenportal.com

Қытайдың Ханчжоу қаласында қыркүйек айына жоспарланған Азия ойындары мен жастар арасындағы Азия ойындары 2023 жылы өтетін болды.

Бұл туралы Азия Олимпиадалық кеңесі (ACA) президентінің міндетін атқарушы Рандхир Сингх хабарлады.

Нақты себебі белгісіз, алайда, біреулер Шанхайдағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты екенін айтуда.

Ойындарды кейінге шегеру туралы шешім Ташкентте өтіп жатқан Азия Олимпиадалық Кеңесі атқарушы комитетінің отырсында қабылданды.
Қытайдағы көптеген спорттық жарыстар COVID-19 панедемиясы басталғаннан бері кейінге қалдырылып, тіпті мүлдем өтпей қалған еді. Тек биылғы қысқы Олимпиада ойындары ғана қатаң шектеулермен өткен еді.

Ханчжоудағы ойындарды ұйымдастырушылар сәуір айында спорттық шара өтетін 56 спорт құрылымның құрылысы аяқталғандығын мәлімдеген еді. Жарысқа 44 елден 11 мың спортшы қатысады деп жоспарланған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз 2024, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты