Қысқы Олимпиада мен Паралимпиадада жүлде алған спортшыларға қанша сыйақы беріледі

©Getty Images

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Бейжіңде өтетін XXIV Қысқы Олимпиада мен Паралимпиадада жүлде алған спортшыларға қанша сыйақы берілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Жүлделі орын алған олимпиадашылар мен паралимпиадашылар (1-6 орын) ақшалай сыйақы алады. Заңда қарастырылғандай, жеңіп алған медальдарға қарай пәтер де бөлінеді. Бірінші орын үшін – 250 мың доллар, одан кейін – 150 мың және 75 мың доллар сыйақы бекітілген. Медаль жеңіп алған жағдайда, бұл қаражат ҚР Мемлекеттік резервінен төленеді", - деді Серік Жарасбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Брифинг барысында вице-министр паралимпиада ойындарында дайындық туралы айтып берді.

"Паралимпиадашыларға олимпиадашылар сияқты бірдей көңіл бөлу керек. Олимпиадашыларды шығарып салу кезінде Президенттің қабылдауында екі паралимпиадашы болды. Паралимпиада ойындарында спортшыларымыз бірнеше есе аз – оған 4 адам ғана қатысады,оның екеуі шаңғы спортында және екеуі биатлонда. Дайындық қызу жүріп жатыр. 5-25 ақпанда спортшылар оқу-жаттығу жиынына – "Алатау" шаңғы-биатлон кешеніне барады. Паралимпиада комитетімен барлық мәселелер пысықталды. Олардың саны әлдеқайда аз болғандықтан, бар мәселе жылдам шешіледі. Біз оларға сәттілік тілейміз", - деді Жарасбаев.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды