Қыркүйекте Головкинмен жекпе-жекке шығатын үміткерлердің есімі аталды

Турар Казангапов©
DAZN стриминг сервисі Геннадий Головкинге қыркүйекте жекпе-жекке шығатын үш адамды қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Басылым хабарлаған ақпарат бойынша, GGG-мен жекпе-жекке үміткерлер - украиналық Сергей Деревянченко, мексикалық Хайме Мунгия және жапониялық Риота Мурата.

Айтпақшы, Головкиннің қарсыластарының ішіндегі басты үміткер - Деревянченко. Онымен қазақстандық кезінде жекпе-жекке шығудан бас тартып, IBF белбеуінен айырылып қалған.

Ал енді Халықаралық бокс федерациясының бұл титулы жекпе-жектің ұтысы болады.

"Украиналық спортшы IBF белбеуіне үміткердің ең алғашқысы, сондықтан, ұйым Деревянченко және орта салмақтағы чемпион Сауль "Канело" Альварес арасында жекпе-жек өткізуге рұқсат берді. Мексикалық боксшы бас тартса, IBF одан белбеуін тартып алуға мәжбүр болады, бірақ әлі ешқандай келіссөздер жүрген жоқ. Осылайша үміткерлер тізімінде Деревянченкодан кейін тұрған Головкин жекпе-жекке шығуы мүмкін", - деп жазған басылым тілшілері.

Еске салсақ, Головкин Danz-мен жасаған келісім-шарты бойынша жыл соңына дейін тағы бір жекпе-жек өткізуі тиіс.
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды