Құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде қазақстандықтар ондыққа ілінбеді

©ҚР ҰОК

Францияның Шамони қаласында спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңі аяқталды.

Отандастарымыз "жылдамдық" бағдарламасында сынға түсті.

Құрама сапында ең үздік нәтижені Дамир Тоқтаров көрсетті. Ол 13-орынға тұрақтады. Ал Ришат Хайбуллин 14-орын, Әмір Маймұратов 26-орын, Рашид Хайбуллин 35-орын, Әлішер Мұрат 50-орынға табан тіреді.

Әйелдер арасындағы бәсекеде Тамара Улжабаева 35-орын, Анна Баларшина 42-орын, Арина Новицкая 50-орыннан көрінді.
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport