Күрестен Олимпиада чемпионы төрт жылға спорттан шеттетілді
©
Ресейлік балуан Билял Махов допингке қарсы ережені бұзғаны үшін төрт жылға спорттан шеттетілді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Ресейлік балуан Билял Махов допингке қарсы ережені бұзғаны үшін төрт жылға спорттан шеттетілді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Ресейдің допингке қарсы агенттігінің (RUSADA) ресми сайты хабарлағандай, 34 жастағы Махов 2021 жылы 27 қаңтардан бастап жарыстан шеттетілген.
Махов — 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, еркін күрестен үш дүркін әлем чемпионы және Еуропа чемпионы.
Былтыр ақпанда Маховтың допинг-тестінен тыйым салынған препарат табылғандығы белгілі болды.
Жарнама