Құрамында екі қазақстандық киберспортшы ойнайтын команда CS:GO турнирінің жартылай финалына шықты

Virus.pro
Құрамында екі бірдей қазақстандық спортшы ойнайтын Virtus.pro командасы жүлде қоры 50 мың доллардың құрайтын Counter-Strike: Global Offensive - WePlay! Clutch Island турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz

Турнир барысында Virtus.pro Hard Legion командасын 2:1 есебімен жеңген болатын. Екінші ойынша бұл команда дәл осындай есеппен Gambit Youngsters командасынан үстем түсті. Соңғы ойында бұл команда Team Spirit командасын жеңді. Бұл ойында үздік ойыншы болып латыш Марэк (YEKINDAR) Галинскис танылды. 

Жеңістен кейін ол команданың әлемнің үздік он ұжымының қатарына қосыла алатынын айтты. "Айқын бір мақсат бар деп айту қиын. Бірақ, біз үздік он команданың қатарына қосыла аламыз. Мен бұған сенемін", - деді Галинскис. 

Қазіргі уақытта команда әлемдің рейтінгтің 25 сатысында келеді. 

Айта кетейік, команданың намысын қазақстандық Алексей Голубев (qikert) пен Дәурен Қыстаубаев (Adren), ресейлік Али Джами (Jame), латыш Марекс Галинскис (YEKINDAR) және өзбекстандық  Санжар Кулиев (SANJI) қорғайды. 

Жартылай финалда Virtus.Pro украиналық NAVI командасына қарсы ойнайды. Кездесу 27 маусым күні Нұр-Сұлтан уақытымен 22.00-де басталады. 



Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды