kRVMGtABU6Db65QKqoVXVDnK9eNmcrZB03rI0qFQ
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Криштиану Роналду егіз баласының суретін жариялады

Криштиану Роналду егіз баласының суретін жариялады
Португалия құрамасы мен мадридтік "Реал" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду егіз баласын көрсетті, - деп хабарлайды LIFE.ru.

Балалар маусым айының басында дүниеге келген. Ал кеше Роналду Конфедерация кубогының қарсаңында екі баласы дүниеге келгенін растаған болатын.

Кеше Роналду Ресейде өтіп жатқан Конфедерация кубогының жартылай финалында Чили құрамасына қарсы ойнады. Ойынның негізгі және қосымша уақыттары 0:0 есебімен тең аяқталды. Сөйтіп, матч соңындағы пенальтиде Португалия құрамасы 3:0 есебімен жеңіліп, турнирдің финалына шыға алмады.

Осы ойыннан кейін Роналду келесі ойынға қатыспайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ ол матчтан соң турнир алдында екі баласының дүниеге келгенін хабарлады.

"Дүниеге екі ұлымның келгеніне қарамастан Ұлттық құрамамыздың Конфедерация кубогында сәтті өнер көрсетуі үшін бар күшімді салдым. Өкініштісі біз алдымызға қойған мақсатқа жете алмадық. Бірақ алдағы уақытта португалиялық жанкүйерлерді әлі талай қуантамыз деген сенімдемін. Ойыннан кейін Португалия футбол федерациясының президенті мен құраманың бас бапкері маған жантебірентер сөз айтты. Бұл ешқашан менің есімнен шықпайтын шығар. Ұлдарыммен бірінші рет кездесетініме өте қуаныштымын", - делінген Роналдудың Фейсбукта жасаған мәлімдемесінде.

Мұның алдында Криштиану Роналду егіз баланың әкесі атанғанын, оған балаларды суррогат ана босанып бергенін Португалияның SIC телеарнасы хабарлаған болатын. БАҚ мәліметі бойынша, 8 маусымда дүниеге келген қыз бен ұлға Матео және Ева деген есімдер берілгені айтылған еді.

Ол кезде футболшының өзі және оның өкілдері бұған қатысты пікір білдірген жоқ. Алайда көптеген португал және испан БАҚ-тары осы жаңалықты таратып жатты.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар
Кеше , 07:34
Қазақша жаңалықтар
Спорттық жаттығудан кейін сыра ішу Спорттық жаттығудан кейін сыра ішу
23 қыркүйек, 21:24
Қазақша жаңалықтар
Винченцо Нибали "Астанаға"  қайта оралды Винченцо Нибали "Астанаға" қайта оралды
20 қыркүйек, 20:24
Футбол
Бекхэм футбол алаңына шықты Бекхэм футбол алаңына шықты
14 қыркүйек, 18:27
Күрес түрлері
Белгілі дзюдошыны пышақтап кетті Белгілі дзюдошыны пышақтап кетті
13 қыркүйек, 11:53
Қазақша жаңалықтар
Қожағапанов спорттан кетті Қожағапанов спорттан кетті
13 қыркүйек, 11:36
Қазақша жаңалықтар
Протеин деген не? Пайдасы мен зияны Протеин деген не? Пайдасы мен зияны
6 қыркүйек, 20:51
Қазақша жаңалықтар
Тоқаев Паралимпиада жүлдегерлерін марапаттады Тоқаев Паралимпиада жүлдегерлерін марапаттады
5 қыркүйек, 15:07
Қазақша жаңалықтар
Сергей Ткаченко алтыншы орында Сергей Ткаченко алтыншы орында