Қазақша жаңалықтар
2 желтоқсан 2017 11:38
 
Конор МакГрегорды ирландиялық мафия аңдып жүр - БАҚ

  Пікірлер

blog.share

Конор МакГрегорды ирландиялық мафия аңдып жүр - БАҚ

UFC экс-файтері Брендон Шауб өз дереккөздерінен UFC чемпионы Конор МакГрегор мен ирландиялық мафияның арасындағы қақтығысқа қатысты жаңа мән-жайды анықтады.

Мұның алдында МакГрегор Дублиннің пабтарының бірінде ұйымдасқан қылмысқа қатысы бар адаммен төбелескені хабарланған еді. Daily Mail, таблойдының мәліметінше, үш адам төбелескен, олардың бірі ажыратуға барып, тек өзі жараланып қалған.

Ал жаңа мәлімет бойынша, МакГрегор ирландиялық қылмыстық бірлестікпен келіспей қалған. Бұл бірлестік Батыс Еуропадағы наркотрафикті бақылайтын Кинэхан картелі екен, оның колумбиялық картельмен және орыс мафиясымен байланысы бар делінеді. Мафия басшысы Кинэхэн 1980 жылдары героин үшін алты жыл түрмеде отырып шыққан және қазір Дубайда тұрып жатыр, алайда оны жұртшылық әлі де "Ирландиялық өгей әке" деп атайды екен, себебі ісін онымен байланысы бар адамдар атқарады-мыс.

Шаубаның мәліметінше, Кинэханның картелі МакГрегорды өлтірген адамға берер сомасын да жариялапты.

"Дублинде мен танитын сенімді адамдар Конордың үлкен проблемаларға тап болғанын айтып отыр. Мәселе мынада: МакГрегордың мафия құрамына кіретін досы бар. Басқа топтың адамдарды оны ұрып-соққан, Конор сол ұрғандардың бірін тауып алып, төбелесе кеткен. Енді Конорды аңдып жүр, оның басына 900 мың доллар тігіп отыр, - деп келтіреді Шубаның сөзін Sportbox. - Бұл мәліметті 100 пайыз сенімді дей алмаймын, бірақ сөз осы. Мұнда өткен жылы салмақ өлшеу рәсіміне баса-көктеп кірген адамдар жайлы айтылып отырған сияқты. Қандай жағдай болса да, МакГрегор қауіпті адамдармен байланысыпты".

Ал Ұлыбританияда қылмыс жаңалықтарын жазатын журналист Пол Уильямс Balls.ie басылымына берген сұхбатында МакГрегорға Ирландиядан кетіп қалу туралы кеңес беріп отыр.

"МакГрегор қауіпті жағдайда. Ол өз кінәсінен болмаса да, өте қауіпті адамдармен жанжалдасты, бұл адамдардың Кинэхандар тобымен байланысы бар. Оларға Конордың кім екені және қандай күшті екені бәрібір. Олар оны өлтіре салады. Ол Ирландиядан 48 сағат ішінде кетуі тиіс. Олай болмаса, полиция оның қауіпте екенін ескертуі қажет. Жағдай өте күрделі. Біздің осындай тұлғамыз гангстерлердің қолынан қаза тапса, Ирландияның абыройынан не қалады?", - дейді Уильямс.

Ал МакГрегордың өзі мафиямен қақтығысы жайлы былай деп қысқа қайырыпты: "Қолдарынан келсе, келіп, жасарын жасап алсын".

Жарнама

Живи спортом!