Конор МакГрегор ең атақты футболшылар Роналду мен Мессиден асып түсті

Сурет: mskagency.ru

UFC файтері Конор МакГрегор Forbes журналының тұжырымы бойынша әлемдегі табысы ең жоғары спортшылар рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кейінгі жылдағы ирландиялықтың табысы 180 миллион доллар болды. Тізімде екінші "Барселона" мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси - 130 миллион доллар. Ал бірінші үштікте "Ювентус" пен Португалия құрамасының ойыншысы Криштиану Роналду - 120 миллион доллар. 

Дегенмен МакГрегор табысының басым бөлігін өзінің виски брендінің сатылымынан түсірген. Ал аты аталған екі футболшы - жарнамалық келісімшарттардан. 

Жылдың ең табысты спортшыларының топ-10 тізімі:

1. Конор Макгрегор (ММА, UFC) - 180 миллион доллар.
2. Лионель Месси ("Барселона", футбол) - 130 миллион.
3. Криштиану Роналду ("Ювентус", футбол) - 120 миллион.
4. Дак Прескотт ("Даллас Ковбойс", америкалық футбол) - 100 миллион.
5. Леброн Джеймс ("Лос-Анджелес Лейкерс", баскетбол) - 96,5 миллион.
6. Неймар (ПСЖ, футбол) - 95 миллион.
7. Роджер Федерер (теннис) - 90 миллион.
8. Льюис Хэмилтон ("Мерседес", "Формула-1") - 82 миллион.
9. Том Брэди ("Тампа-Бэй Бакканирс", америкалық футбол) - 76 миллион.
10. Кевин Дюрант ("Бруклин Нетс", баскетбол) - 75 миллион.

Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды