"Командир жазасын алады". Әскери прокуратура Тұрлыханотың ұлына қатысты

©tengrinews.kz

Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев белгілі балуан, мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлының қатысуымен болған оқиғаға қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды  Tengrinews.kz.

Тұрлыхановтың ұлы әйелді ұрып талдырған видео тарап кетті

Қазиевтің айтуынша, Тұрлыхановтың ұлы әскери қызметкер болғандықтан бұл қылмыстық істі әскери прокуратура қадағалаған. Қазір ол аяқталып, сот қарауында.

"Ол (Тұрлыхановтың ұлы) мерзімді әскери қызметші. Ол бұл қылмыс тіркелген кезде еңбек демалысында болған", - деді Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары.

Соққыға жығылған заңгерлер Тұрлыхановтың ұлынан қанша миллион талап ететіндерін айтты
 
Қазиев кіші Тұрлыхановтың кінәсі сот арқылы дәлелденсе, қызмет еткен бөлімшенің командирі де жауапты болатынын айтты.

"Заңда белгіленген тиісті тәртіп бойынша командир де жазасын алады", - деп қосты ол.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды