Көкпар ойыны толықтай жасанды серке муляжымен ойналуы мүмкін

©

Көкпар ойыны толықтай жасанды серке муляжымен ойналуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай мәлімдеді.

Аталған өзгеріс 28-29 қараша күні Елордада өтетін Ұлттық спорт қауымдастығының алқа мәжілісінде қаралмақ.

Ұлттық спортты шектеуі мүмкін заң жобасына өзгерту енгізілді

2018 жылы ақпанда Бүкіләлемдік көкпар қауымдастығына мүше он елдің өкілдері халықаралық ортақ ережені қабылданып, халықаралық жарыстарда жасанды серке муляжын қолдану шешімі бекітілген. Енді осы өзгеріс ішкі жарыстарға да қолданылуы мүмкін.

Алқа мәжілісінде оң шешім шықса, елімізде өтетін барлық ресми жарыстарда серкенің орнына жасанды муляж қолданылатын болады. Қауымдастық өкілдерінің пікірінше, бұл, ұлттық ойынымызды спорттық қағидаларға сәйкестендіру мен халықаралық стандарттарға келтіру бойынша қолға алынып отырған қадам.

Атап өтейік, жуырда "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" ҚР Заңының жобасын талқылау барысында, депутаттар ұлттық спортқа қатысты арнайы ұсыныс енгізген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды