Қазақша жаңалықтар
15 желтоқсан 2020 20:07

Қазақстандық волейбол жаттықтырушысы ойыншысын ұрып жіберді

Интернетте Маңғыстаудан тараған видео көпшілік назарын аудартты. Онда волейболдан әйелдер құрамасының жаттықтырушысы ойын сәттерін талқылау кезінде өзінің ойыншыларының бірін қолымен бетіне ұрып жіберген,- деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Кадрлардан жаттықтырушының өзін тек бір соққымен шектемеуге бел буып, кейіннен қызға бірқатар соққылар жасағанын көруге болады.



Келесі бөлімде команданың тағы бір ойыншысына жаттықтырушы қол сілтеген. Куәгерлердің айтуынша, оқиға жаңаөзендік команданың бірінде орын алған.