Қазақша жаңалықтар
16 маусым 2017 14:42
 
Қазақстандық телеарна ФИФА-дан 2018 және 2022 жылғы әлем чемпионатының көрсету құқығын сатып алды

  Пікірлер

blog.share

Республикалық "Қазақстан" телерадиокорпорациясы Халықаралық футбол федерациясынан (ФИФА) футболдан 2018 жылғы және 2022 жылғы әлем чемпионатын көрсететін алты жылдық келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы ҚР Ақпарат министрі Дәурен Абаев өзінің Фейсбук парақшасында хабарлады.

"Қазақстан телевизиясының тарихында тұңғыш рет ФИФА аясындағы ең үздік турнирлерді көрсетуге қатысты аса ауқымды келісімшарт жүзеге асырыла бастады.

"Қазақстан" РТРК" АҚ ("Kazspor" пен "Қазақстан") бірден футболдан екі әлем чемпионатын (2018 және 2022 жылдар) трансляциялауға құқық ала отырып, 6 жылға келісім жасады.

Айта кету керек, бұл мәселеде ТВ құқығын алып сатушы делдалдарды айналып өтіп, келісімді құқыққа ие болушының өзімен жасауға қол жетіп отыр. Осының арқасында қомақты қаржы үнемделуде.

Осы екі чемпионаттан басқа Қазақстанда әлемдік клубтық біріншіліктерді, футзал мен жағажай футболы бойынша әлем чемпионаттарын, әйелдер, түрлі жастағы жастар мен жасөспірімдер құрамалары арасындағы әлем біріншіліктерін, сондай-ақ ертең, 17-ші маусымда басталатын Конфедерация-2017 Кубогын көрсету құқығы сатып алынды. Бұл бәсекелерді"Kazsport" пен "Қазақстан" телеарналарынан тікелей эфирде тамашалаңыздар", - дейді министр. 

Еске салайық, 2018 жылы әлем чемпионаты 15 маусым мен 15 шілде аралығында Ресей жерінде өтсе, 2022 жылғы әлем чемпионаты Катарда өтеді. Бірақ қай уақытта өтетіні белгісіз болып тұр. Кейбір мәлімет бойынша әлем чемпионаты қараша және желтоқсан айларында өтуі мүмкін. 

Жарнама

Живи спортом!