Қазақстандық спортшылар Бейжіңдегі қысқы Олимпиадаға қашан ұшып баратыны анықталды

©olympic.kz

Қазақстандық олимпиадашылар Бейжіңдегі қысқы ойындарға 27 қаңтар күні ұшып кетеді, деп хабарлайды Olympic.kz

Қазіргі таңда Олимпиада алдындағы соңғы күндерді дұрыс ұйымдастыру аса маңызды. Қазақстандық атлеттер жабық карантин аймақтарында орналасқан. Бейжің-2022 ұйымдастыру комитеті мен Халықаралық олимпиада комитеті ойынға қатысушылардың денсаулығын сақтау үшін қатал шаралар қолдануда.

Спортшыларға күнделікті жүріс-тұрысын енгізіп отыратын "плейбук" шығарылды. Команданың негізгі бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы арқылы чартерлік рейспен Қытайға ұшады. Ал шетелдерде жиында жүрген спортшылар жеке график бойынша Бейжіңге барады. 

Қысқы Олимпиада ойындары 4 ақпанда басталады. Жарыста жалпы есепте 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды