Қазақстандық спортшылар академиялық ескек есуден Азия чемпионатының финалында

©kazsports

Таиландта академиялық ескек есуден Азия чемпионатының финалына шыққан қазақстандықтар белгілі болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясының ресми сайтына сілтеме жасап.
Бүгін Таиландтың Паттайя қаласында академиялық ескек есуден ересектер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды. Желтоқсанның 4-не дейін жалғасатын сайыста ел намысын 13 ересек (11 еркек, 2 әйел) пен 9 жас спортшы (3 еркек, 6 әйел) қорғап жатыр. Бірқатар қазақстандық іріктеуді сәтті еңсеріп, жүлде үшін таласуға мүмкіндік алып үлгерді.

Ересектер арасында (LW4х) Роза Кеңес, Валентина Волкодавова, Медина Қоңырбаева, Екатерина Носкова квартеті іріктеуде өз тобында мәреге бесінші келді. Жарысқа 6 елдің спортшылары қатысқандықтан қазақстандықтар 3 желтоқсанда өтетін финалға жолдама алды.

Ересектер арасында (LМ4-) Әділет Керімбек, Қуаныш Бекбембетов, Данил Петренко мен Бапан Асхамбек іріктеуде 6-орын алып, 3 желтоқсанда өтетін финалға шықты.

Жасөспірімдер арасында (JW2-) Мелани Жақыпова мен Анжела Полянина жұбы іріктеу кезеңінде өз тобында 4-сатыға тұрақтады. Енді олар 3 желтоқсандағы финалда бақ сынайды.

Ал ересектер арасындағы жекелей жарыста (W1x) Светлана Германович іріктеуде мәреге 2-ші келді. Бұл топта тек жеңіске жеткен спортшы финалға шықты. Қалған ескек есушілер жұбаныш жарысында ақтық сынға шығуға тырысып көреді.

Ересектер арасында (M2x) Михаил Таскин мен Алексей Красновский дуэті іріктеуде 4-болып ақтық сынға тікелей жолдама ала алмады. Десе де жұбаныш жарысына қатысып, финалға жете алады.

Айта кетейік, биылғы сары құрлық бәсекесі 18 елдің 150 тарта спортшысының басын қосты.

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды