Қазақстандық дзюдошы Айгерім Әбілқадырова қазан айындағы Playboy Қазақстан журналының бірінші бетіне шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Журнал аңдатпасында спортшымен ашық сұқбат болатыны туралы жазған.
25 жастағы Әбілқадырова дзюдомен бес жасынан бастап шұғылданып келеді. 2005 жылдан бері республикалық турнирлерге қатысып, жүлдегер атанған. 2018 жылдан бері грэплингтен Қазақстан құрамасына қосылған. Сол жылы қазақ қыздары арасында бірінші болып әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар, ол 2011 жылы дзюдодан Азия чемпионы болған.