Қазақстандық спортшы допинг дауына қалған ресейлікке қолдау білдірді

©РИА Новости

Қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында допинг дауына іліккен ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиеваға қолдау білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Барлығы қалыпқа келеді деп сенемін. Камиламен жаттығу істегендердің барлығы оның еңбекқор спортшы екенін біледі. Оның барлық табысы үлкен еңбектің арқасында", - деп жазды Тұрсынбаева Instagram Stories-те. 

Еске салайық, Валиеваның допинг-сынамасы күмәнді болып шықты. Кейбір БАҚ өкілдерінің ақпараты бойынша, сынама Олимпиада ойындарына дейін алынған. Және оның сынамасынан жүрек ауыруының алдын алатын триметаздин табылған. Бұл дауға қарамастан Камила Бейжіңде жекелей сында өнер көрсете алатын болды. 

Айта кетейік, бұған дейін ол командалық сайыста бірінші орын алған еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды