Қазақстандық спортшы Азия Пара ойындарының жеңімпазы атанды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық спортшы Азия Пара ойындарының жеңімпазы атанды ©Қазақстан Ұлттық паралимпиадалық комитеті

Қазақстандық спортшы Давид Дегтярев Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия Пара ойындарының чемпионы атанды.

blog.share

Қазақстандық спортшы Давид Дегтярев Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия Пара ойындарының чемпионы атанды.

Отандасымыз пара пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды.

Давид Дегтярев 191 келі салмақты бағындырып, Азия Пара ойындарының рекордын жаңартты.

Күміс медаль Қытай спортшысы Ян Цзинлянға бұйырса, Индонезия өкілі Хильман қола жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, бұл - Қазақстан құрамасының биылғы Азия Пара ойындарындағы екінші алтыны. Бұған дейін Еркін Ғаббасов 10 метр қашықтықтан пневматикалық мылтықпен нысана көздеуде (R1) топ жарып, ел қоржынына алғашқы алтын медальді салған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!