Қазақстандық Сағадат Рахманқұлов мексикалық боксшыны нокаутқа жіберді

instagram.com/madiyar_ashkeyev
Қазақстандық жартылай орта салмақтағы боксшы Сағадат Рахманқұлов Мексикада жергілікті боксшы Даниэль Армандо Валенсуэлаға қарсы алғашқы жекпе-жегін өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Жекпе-жек алты раундқа есептелген, бірақ қазақстандық оны бесінші раундта мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтады. Бұл Рахманқұловтың Мексикадағы алғашқы жекпе-жегі. Мұның алдында ол АҚШ-та жұдырықтасқан. Кәсіби деңгейдегі жалғыз жеңілісті қараша айында пуэрториколық Никлаус Фластан тапқан.

Қазақстандықтың мүддесін танымал Василий Ломаченко мен Теренс Кроуфорд сияқты жұлдыздармен жұмыс істейтін Top Rank пен Боб Арум промоутерлік компаниясы қорғайды.
Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды