Қазақстандық Олимпиада чемпионы мемлекеттік қызметке оралады
Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев мемлекеттік қызметке оралып, Қарағанды облысының спорт басқармасын басқарады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев мемлекеттік қызметке оралып, Қарағанды облысының спорт басқармасын басқарады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның кандидатурасын Туризм және спорт министрлігінің арнайы комиссиясы мақұлдады.
41 жастағы Серік Сәпиев 2017-2019 жылдары Мәжіліс депутаты, одан кейін екі жыл Туризм және спорт министрлігінің спорт комитетін басқарды. Кейінгі уақытта Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті болды.
Комиссия сонымен қатар Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Азамат Имашевтің кандидатурасын да келісті.
Жарнама