Қазақстандық команда CS:GO турнирінде сенсация жасап Virtus.Pro командасын жарыстан шығарды
Қазақстандық К23 командасы Counter Strike: Global Offensive ойынынан Starladder турнирінің RMR сериясында сенсация жасады. Қазақстандық команда танымал Virtus.Pro ұжымын артта қалдырып кетті, деп жазады Vesti.kz порталы.
Қазақстандық К23 командасы Counter Strike: Global Offensive ойынынан Starladder турнирінің RMR сериясында сенсация жасады. Қазақстандық команда танымал Virtus.Pro ұжымын артта қалдырып кетті, деп жазады Vesti.kz порталы.
Айдос kade0 Хайржан, Санжар neaLaN Исхаков, Рустема mou Телепов және Дәурен AdreN Қыстаубаева өнер көрсететін К23 командасы қатарынан екі жеңіске қол жеткізіп, қосымша көрсеткіштер бойынша Virtus.Pro ұжымынан озды.
Айта кетейік, ресейлік команда сапында Алексей Qikert Голубев және Тимур buster Төлепов секілді қазақстандық киберспортшылар өнер көрсетеді.
Енді бүгін плей-офф кезеңінде К23 командасы әлемдік рейтингтік көшбасшысы Gambit командасымен ойнайды. Бұл ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады.
Gambit сапында да қазақстандық киберспортшы бар. Ол Абай Hobbit Хасенов. Бұл кездесуде жеңіске жеткен команда бірден финалдық кезеңге шықса, жеңілген команда тағы екі ойын өткізеді.
Өз кезегінде Gambit украиналық атақты ұжым NaVi-ді жеңіп, осы кезеңге шыққан болатын.
Жалпы бұл турнирдің жүлде қоры 100 мың доллар. Бірақ ең маңыздысы - бұл турнирде жеңіске жеткен команда Major турниріне жолдама беретін ұпайға ие болады. Биыл Counter Strike: Global Offensive ойынынан басты турнир қазан айында өтеді.
Жарнама