Қазақстандық команда CS:GO турнирінде қатарынан үш жеңіске жетті

instagram.com/symangg
Қазақстандық SYMAN Gaming командасы Еуропа елдерінің ұжымдарына арналған Nine to Five 1 по Counter Strike:Global Offensive турнирінде қатарынан үш жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық команда ресейлік SG.pro, болгариялық FATE және lvlUP командаларын 2:0 есебімен жеңді. Осылайша бұл команда AVEZ ұжымымен көшбасында келеді. 

Жүлде қоры 50 мың АҚШ долларын құрайтын турнирде барлық командалар бір-біріне қарсы ойнап шығады. Турнир 16 шілде күні аяқталады. Жалпы турнирге 20 команда қатысып жатыр. 

Еске салайық, қазақстандық Айдос (kade0) Хайржан, Санжар (neaLaN) Исхаков, Рустем (mou) Телепов, бельгиялық Николя (Keoz) Джус және ресейлік Давид (n0rb3r7) Даниелян ойнайды. 

SYMAN Gaming командасы келесі кездесуін Budapest Five ұжымына қарсы өткізеді. 




Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды