Қазақстандық команда CS:GO рейтингінде әлемдегі топ-30 тізімге кірді

Сурет: HLTV.org©

Қазақстандық К23 командасы Starladder сериясындағы RMR турнирінде сәтті өнер көрсетіп Counter Strike: Global Offensive ойынында әлемнің үздік 30 командасына қосылды, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Қазақстандық киберспортшылар Санжар neaLaN Исхаков, Рүстем mou Телепов және Дәурен AdreN Қыстаубаев өнер көрсететін командамыз турнирдің финалдық кезеңіне шығып, төртінші орынға табан тіреді. Ал бірінші орында Абай Hobbit Хасенов өнер көрсететін Gambit командасын жеңген Natus Vincere ұжымы алды. 

Бұл турнирден К23 командасы 13 саты жоғарылап, 25-ші орынға жайғасты. Ал рейтингтің көш басында Gambit командасы келеді. 

Қазіргі уақытта К23 ұжымы Stockgolm Major турниріне жолдама беретін кестеде Virtus.Pro командасынан жоғары тұр. Біздің команда төртінші орында. ТМД аймағынан бұл рейтингте NAVI, Spirit және Gambit алғашқы үш орында. 

 

Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды