"Қазақстандық клубтарды Ресей чемпионатына қосу керек". Андрей Аршавин ортақ чемпионат құру туралы пікір білдірді

сурет: soccer

"Қайраттың" экс-жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин қазақстандық командаларды Ресей чемпионатына қосу керек деп есептейді.

"Ресей біріншілігінің деңгейін көтеру үшін Қазақстан, Әзербайжан және Беларусь елдерінің клубтарын біріктіру керек. Сонымен қатар, аудитория саны да көбейе түседі. Қаржылық тұрғыда тиімді жоба болар еді. Тағы бір нұсқа ретінде Украина клубтарын айтуға болады. Біріккен жағдайда ол елдерде командалар қаржы тұрғысынан алып қарайтын болсақ, жақсы табыс табар еді. Әрине, қазіргі таңда Ресей мен Украина елдерінің саяси ахуалына байланысты мүмкін болмай тұр. Оның үстіне УЕФА бұл шешімді қалай қабылдайды. Ол да үлкен мәселе, - дейді Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысы.

"Зенит", "Арсенал" сынды командаларда доп тепкен футболшы өз құрамасымен бірге 2008 жылы Еуропа чемпионатының жеңімпазы атанған. 2016-2018 жылдары "Қайрат" сапында Аршавин 84 матчте 24 гол соққан.

Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды