Қазақстандық киборспортшы өнер көрсететін команда жарты жылдың ішінде миллион доллар табыс тапты

Сурет: Gambit E-sports

Қазақстан Абай Hobbit Хасенов өнер көрсететін Gambit Esports  командасы Counter Strike: Global Offensive бойынша 2021 жылы миллион доллар табыс тапты, деп жазады Vesti.kz порталы. 

"Гамбит" командасы алты ірі турнирде топ жарды. Олардың қатарында Blast, IEM Summer, Pinnacle Cup, Epic League, IEM Katowice жарыстары бар. Сондай-ақ, бұл команда ESL Pro League және Dreamhack Masters турнирлерінің финалына шықты. 

Жалпы ұжым 1 005 500 доллар табыс тапқан. Осылайша, Natus Vincere мен Virtus.Pro командаларынан озып кеткен. 

Еске салайық, Абай Хасенов осы команданың сапында 2017 жылы Краков қаласында major санатындағы турнирді жеңіп алған болған. Бірақ содан соң командадан кетіп, өткен жылдың шілдесінде қайта оралды. Қазір Gambit HLTV рейтингінде бірінші орында тұр. 

Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды