Қазақстандық киберспортшылар өнер көрсететін CS:GO командасы екі айда бірінші рет жүлдеге ілікті

Сурет: HLTV

Counter Strike: Global Offensive ойынында өнер көрсететін қазақстандық Syman Gaming командасы жүлде қоры 40 мың доллар құрайтын Eden Arena Malta Vibes Cup 4 турнирінде үшінші орын алды, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Турнирдің жартылай финалдық кездесуінде қазақстандық киберспортшылар ресейлік Gambit Youngsters командасынан 0:2 (11:16, 12:16) есебімен жеңіліп қалды. Ал финалда ресейлік ұжым LDLC командасын 2:1 есебімен жеңді. 

Gambit Youngsters әлемдік рейтингте 28 орында келеді. Syman Gaming болса 44 орынға жайғасқан. Бұл жеңіс үшін ресейлік команда 25 мың доллар алса, қазақстандық командаға 2500 доллар бұйырды. Қазақстандық команда мамыр айынан бері бірінші рет жүлдеге ілігіп отыр. 

Еске салайық, Syman Gaming сапында Рүстем MOU Телепов, Санжар neaLaN Ыскаков, Айдос kade0 Хайржан секілді қазақстанды, Давид n0rb3r7 Даниелян деген ресейлік және бельгиялық Николя Keoz Джус ойнайды. 




Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды