Қазақстандық киберспортшы Dota 2 ойынының рейтингінде 11 сатыға жайғасты

Айбек Тоқаев. Сурет жеке архивтен алынды
Dota 2 ойынында Khan командасының намысын қорғайтын қазақстандық Айбек Naive Тоқаев еуропалық киберспортшылар арасындағы рейтингте 11 орынға көтерілді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Тоқаев жуырда қазақстандық киберспортшылар арасындағы 10 000 ММR ұпайға (жекелей шеберлік көрсеткіші) бірінші болып жетті. Қазір, Dota 2 ойынының ресми сайтының мәліметі бойынша, ол Еуропа елдері ойыншыларының арасындағы рейтингте 11 орынға көтеріліпті. Тізімнің көшбасында Gambit командасында ойнайтын Данил gpK Скутин келе жатыр. Ал Virtus.pro командасының өкілі, Тоқаевтың позициясында ойнайтын Игорь iLTW Филатов жетінші орынға жайғасқан. 

ММR (MatchMaking Rating) - бұл рейтингтік ойындарда киберспортшылардың деңгейін анықтап отыратын талап.

Айта кетейік, Тоқев Empire және No Pango секілді танымал ресейлік командаларда ойнаған. No Pango сапында ол былтыр  Virtus.pro командасын жеңіп, бірінші рет Major сериясына шықты. 



Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды