Қазақстандық киберспортшы 2021 жылы әлемдік үздік 5 ойыншысының қатарына қосылды

Сурет: eyesports.ru

Қазақстандық киберспортшы Абай Hobbit Хасенов кәсіпқой матчтердегі рейтингі бойынша әлемнің үздік бес ойыншысының қатарына қосылды, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Gambit Esports командасы сапында өнер көрсететін Хасенов 2021 жылы 139 картада ойнаған. Осы ойындарда ол 1.18 рейтинг жинап, төртінші орынға жайғасты. Ал үшінші орында ресейлік Дмитрий Sh1ro Соколов (1,22) орналасса, екінші орынlf франциялық Матье Zywoo Эрбо (1.27), бірінші орында украиналық Александр S1mple Костылев (1.33) тұрақтады. 

Айта кетейік, Хасенов 2021 жылы EPIC League CIS турнирінің үздік ойыншысы атанды. Ал оның командасы жыл басынан бері жеті турнирде топ жарып, әлемдік рейтингте екінші орында келеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды