Қазақша жаңалықтар
14 тамыз 2020 13:04

Қазақстандық жанкүйерлер матчтарды қашан стадионнан көре алады?

Суретті түсірген Тұрар Қазанғапов.
Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмагамбетова жанкүйерлер қашан футбол және хоккей ойындарын трибунадан көре алатыны туралы айтып берді,-деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


"Жанкүйерлер "Барыс" хоккей клубы мен "Астана" футбол командасының және басқа ойындарды стадионнан қашан тамашалай алады?", - деп сұрады журналист брифинг кезінде. 

Есмагамбетова алдағы уақытта кез-келген спорттық шаралар жанкүйерсіз өтетінін айтты. 

"Хоккей ойындары 10 қыркүйек күні басталатынын ескерсек, бұл сұрақты әлі қарастыруға болады. Шешім елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылданады. Ол жерде жалпы елдегі және облыстағы жағдай қарастырылады. Дәл қазір барлық спорттық шаралар жанкүйерсіз өтеді. Ары қарай жағдайға қарайтын боламыз", - деді бас санитарлық дәрігер. 

Еске салайық, қазір елде барлық спорттық шаралар тоқтатылған. 17 тамыздан бастап карантин шаралары жеңілдетіледі. Содан соң спорттық шаралар басталуы керек. Бірақ ол кезде де жанкүйерлер стадионнан тамашалай алмайды.