Триатлоннан Қазақстан командасының мүшесі Аян Бейсенбаев дуатлоннан Азия біріншілігінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бахрейн астанасында өткен дуатлоннан құрлық додасына Аустралия, Бахрейн, Иордания, Қазақстан, Нидерланд, БАӘ және Филиппин спортшылары қатысты.
Қазақстан атынан Аян Бейсенбаев, Мейірлан Ысқақов және Темірлан Теміров бақ сынаған болатын. Қатысушылар 10 шақырымға жүгіруден, 40 шақырымға велосипедпен жарысу және тағы 5 шақырымға жүгіруден өзара мықтыларды анықтады.
Ерлер арасындағы бәсекеде ақмолалық Аян Бейсенбаев жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді. Екінші орында аустралиялық Самуель Майлхэм, үшінші сатыда нидерландтық Томас Кремерс.
Айта кетелік, Темірлан Теміров 8-ші, Мейірлан Ысқақов 10-шы орынға табан тіреген.