Қазақстандық CS:GO команда жүлде қоры 50 мың доллар құрайтын турнирде екінші орын алды

Сурет: HLTV©
Counter Strike: Global Offensive ойынында ел намысын қорғайтын Syman Gaming командасы жүлде қоры 50 мың долларды құрайтын Nine to Five 2 по Counter Strike: турнирінде екінші орын алды,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Турнирдің финалында біздің команда Gambit ұжымымен кездесті. Тартысқа толы кездесуде ресейлік команда 2:0 (16:6, 16:6) есебімен жеңіске жетті. Syman Gaming сапында 0.96 рейтинг жинаған Давид n0rb3r7 Даниелян үздік ойыншы атанды. 

Бұл турнирден қазақстандық команда 15 000 доллар сыйақы алды. Жалпы бұл көрсеткіш Syman Gaming үшін 2020 жылғы ең жақсы нәтиже болды. 

Айта кетейік, ресейлік Gambit ұжымы жуырда қазақстандық киберспортшы Абай Hobbit Хасеновпен келісімшарт жасаған еді. 

Ал Syman Gaming сапында қазақстандық Рүстем MOU Телепов, Санжар neaLaN Ысқақов, Айдос kade0 Хайржан және бельгиялық Николя Keoz Джус ойнайды. 





Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды