Қазақстандық боксшы өзбекстандық әлем чемпионын нокдаунға түсірді

Сурет: kp.kz

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Ұлан-Батырда (Моңғолия) өтіп жатқан Азия жастар чемпионатының финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Турнирдің жартылай финалында 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Махмұд Сабырхан биыл Бангкокта өткен (Таиланд) ересектер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы, өзбекстандық Миразизбек Мирзахалиловпен кездесті.


Үшінші раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсіріп, төрешілердің шешімімен жекпе-жекте жеңіске жетті.



2019 жылғы Азия жастар чемпионатының финалында Сабырхан Таиланд өкілі Суравут Суктетпен жұдырықтасады. 

Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды