auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қазақстандық биатлоншыларға жүргізілген тінту шаралары дәрігердің салғырттығынан - министрліктің мәлімдемесі

Елсияр Қанағатов қазіргі уақытта тексеру қорытындыларын күтіп отырғанын мәлімдеді.

Қазақстандық биатлоншыларға жүргізілген тінту шаралары дәрігердің салғырттығынан - министрліктің мәлімдемесі
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Австрияда өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық биатлоншыларға тінту жүргізілгені туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР МСМ спорт істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатовтың мәліметінше, оқиға қазақстандық спортшылардың дәрігерінің салғырттығына байланысты болған.

"Біз бұл мәселені өзіміздің дәрігердің жұмысына салғырт қарауына байланысты екенін нақты айта аламыз. Нақты бекітілген талаптар бар. Рұқсат етілмеген препараттардан басқа, рұқсат етілген препараттар да бар. Спортшылар өз қалпына келуі тиіс, олар да ауырады. Халықаралық антидопинг ұйымы рұқсат берген препараттар бар, оны дәрігер өзімен бірге алып жүреді. Осы жағдайда препараттарды қолданғаннан кейін қалдықтардың көзін жоюдағы ереже бұзылған. Олар медикаменттерді қайда болса сонда тастай салған болуы мүмкін", - деді ол үкімет отырысында.

Елсияр Қанағатов қазіргі уақытта тексеру қорытындыларын күтіп отырғанын мәлімдеді.

"Еуропада қазіргі уақытта терроризмге қарсы күрес белсенді түрде жүргізіліп жатыр, сол себепті олар біздің құраманы да тексерген. Біздің спортшылар жарысқа жіберілген, біз оны кеше көрдік (...) Біз қазір тексеру қорытындыларын күтіп отырмыз. Біздің спортттық медицина орталығының мәліметінше, дәрігерлер алып барған дәрі-дәрмектің барлығына рұқсат берілген", - деді спикер.

Осыған дейін, Австрия полицейлерінің қазақстандық биатлоншылардан тыйым салынған заттарды тапқаны хабарланған болатын. Осыған байланысты спортшылар допинг тексерісінен өткен еді.

Допинг қолданды деген күдікке ілінген Қазақстан құрамасының биатлоншылары Австрияның Хохфильцен қаласында аралас эстафетадан өткен әлем чемпионатына қатысты. Аралас эстафетаға Қазақстаннан Ольга Полторанина, Анна Кистанова, Максим Браун мен Ян Савицкий қатысты. Олар 11-орынға тұрақтады. Ал алғашқы үздікте Германия, Франция және Ресей командалары тұр.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар